Арыс гуманитарлық- техникалық колледжінде жастар арасында адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларлың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС ке қарсы күрес күніне орай өткізілген бұл шарада облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қатысып студент жастарға жан жақты ақпаратпен бөлісті. Өз кезегінде қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап берілді.
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан -тиімді өзгерістерге»атты ұранмен өтіп жатқан айлық науқан түрлі іс-шараларды қамтып, халық арасында кеңінен ақпарат беруге жол ашып отыр.