1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық қазақ -түрік университетінің кіші залында ВИЧеринка ШАРАСЫ өтті. Шараның аты айтып тұрғанда жастардың басым бөлігінің басын қосқан бұл шараға барлығы қызығушылық танытты.
✔️Шара барысында жастар жұмбақ кейіпкермен танысып, аталған инфекцияға шалдыққан азаматтың өз аузынан оның өмір жолын тыңдады. Сонымен қатар олар өздерін қызықтырған сауалды кейіпкермен қатар шараға қатысып отқан мамандарға да қойды.
❗ Жастардың пікірін сан алуан қырда танытқан шарада ойын да орнатылып, жеңімпаздар да марапатталды. Сонымен қатар жастар QUIZ ойынын ойнау арқылы өздерінің алған ақпараттарын көрсете білді.