Түркістан облысы Сауран ауданы Құмтүйін атындағы жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан -тиімді өзгерістерге» атты тақырыппен жүргізіліп жатқан бұл шара 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналды.
✅Шараның мақсаты -адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беру. Шарада облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері Е.Есалиев қатысушыларға жан жақты ақпаратпен бөлісіп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.