Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді.
Шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) мен ЖЖБИ (Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар) туралы түсінік қалыптастыру, олардың алдын алу және жастардың денсаулығын сақтау.
Іс-шара барысында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Е.Есалиев жастарға аталған инфекциялар туралы жан-жақты мағлұмат беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Өз кезегінде мамандар инфекциялардың таралу жолдары мен сақтану тәсілдері туралы айтып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.