Түркістан қалалық Ханшайым Плаза кешенінде тұрғындар арасында акция өтті. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай өткізілген шараның мақсаты -адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу.
⤵️Осы орайда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары акцияға қатысушыларға аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат бере отырып, оларды өз мәртебесін анықтауға шақырды.
✔️«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан -тиімді өзгерістерге»ұранымен өткізіліп жатқан шаралар легі 10-желтоқсанға деин жалғасады.