Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Абай атындағы N 31 жалпы білім беретін мектеп пен Шарап Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектепте «АИТВ- инфекциясының алдын алу, Стигма, кемсітушілікті болдымау» тақырыбында семинар жұмыстары жүргізілді.
Шараны орталықтың эпидемиолог мамандары Азиза Эртаева мен Ақәділ Срайыл жүргізіп аталған тақырып бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар жастардың пікірін тыңдап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.