Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Аталған шара №3 Облыстық перинаталдық орталық пен Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында өткізілді.
🔺Шарада орталық мамандары АИТВ инфекциясы бойынша қолданыстағы бұйрықтармен таныстыра отырып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жұмыс барысында жіберілетін қателіктер бойынша да пікірлерімен бөлісіп, оларды жою жолдарын ұсынды.