Отырар ауданы орталық ауруханасы мен емханасының медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді. Іс-шара барысында мамандарға АИТВ инфекциясының алдын алу, анықтау және бақылау бойынша қолданыстағы бұйрықтар мен нормативтік-құқықтық актілер жан-жақты түсіндірілді.
⤴️Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибеде туындайтын сұрақтарға жауап беру және сапалы медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру бағытында нақты ұсыныстар берілді.
‼️Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, халық денсаулығын қорғауға өз үлесін қоса бермек.