Түркістан қаласындағы Конгресс Холл кешенінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Н.Көшеров, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
💐Салтанатты шара медицина саласының жетістіктері мен қызметкерлерінің еңбегін насихаттайтын бейнероликтің көрсетілімімен басталды.
Жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар сала мамандарын марапаттады.
🔰Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов денсаулық сақтау саласында табысты еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен ардагерлерге марапаттар табыстады. Аталған марапатқа облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшы орынбасары Рыскелдиев Даурен Қашаубайұлы да ие болды.
💐Мерекелік бағдарлама аясында өнерпаздардың қатысуымен концерттік қойылымдар ұсынылды. Сондай-ақ, қатерлі ауруларды жеңіп шыққан ем алушылар мен түлектер сөз сөйлеп, өздеріне өмір сыйлаған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне шынайы ризашылықтарын білдірді.
✅Одан кейін, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев медицина қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттады.
💐Мерекелік шара барысында танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың орындауындағы патриоттық және халықтық әндермен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.