Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы мен қоғамдағы рөліне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
🔰Іс-шара барысында Конституцияда бекітілген негізгі қағидаттар, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен айтылып, заң талаптарын сақтау – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты кепілі екені атап өтілді.
❕Кездесу барысында алдағы уақытта өтетін құрылтайдың маңызына да ерекше тоқталды. Қызметкерлерге құрылтай сайлауының қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты ұсыныстарды ортаға салатын маңызы бар екені түсіндірілді.
✅Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, Конституцияның қағидаттарын құрметтеу, заң талаптарын сақтау және елдегі маңызды қоғамдық-саяси бастамаларға белсенді азаматтық ұстаныммен қатысудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.