Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары Даурен Қашаубайұлы Рыскелдиев Түркістан арнасының «Аймақ» бағдарламасына қонақ болып, өңірдегі АИТВ инфекциясының алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы айтып берді.
❗Сұхбат барысында облыстағы эпидемиологиялық ахуал, инфекцияның таралу жолдары, скрининг пен ерте тестілеудің маңызы сөз болды. Әсіресе шалғай елді мекендердегі тұрғындарды тексерумен қамту және экспресс-тестілеу арқылы инфекцияны ерте анықтау мәселелеріне тоқталды.
✅Сонымен қатар АИТВ-мен өмір сүретін азаматтарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету, емнің қолжетімділігі және медициналық бақылау жайы талқыланды.
❗Бағдарламада АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, жастар арасында қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ медициналық құпияны сақтау мәселелері де көтерілді.
✅Сұхбат соңында маман тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы тест тапсыруға және АИТВ инфекциясының алдын алу шараларына мән беруге шақырды.
АИТВ-ны ерте анықтау – дер кезінде ем қабылдаудың маңызды қадамы.