Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясы мен Майлыкент жалпы білім беретін мектебінде АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары бойынша семинар жұмыстары жүргізілді.
♻️Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырған шараға жоғары сынып оқушылары мен мектептің медбикесі, психолог мамандары, тәрбие завучтары қатысты.
❗Шарада аталған инфекция бойынша толыққанды ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды