Отырар ауданының тұрғындары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуына жол бермеу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары тұрғындарға инфекцияның жұғу жолдары, одан сақтану шаралары және уақытылы тексерілудің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстану, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау және АИТВ инфекциясына қатысты ақпараттану деңгейін арттыру жөнінде кеңестер берілді. Тұрғындарға жадынамалық парақшалар таратылып, өз мәртебесін анықтауға орталыққа шақырды.
