Қазығұрт ауданы әкімдігінде АИТВ инфекциясының алдын алу және эпидемиологиялық ахуалды талқылау мақсатында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
✅Жиынды аудандық орталық аурухананың бас дәрігер орынбасары Айкүл Күзенбайқызы жүргізді. Кеңес барысында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары Дәурен Қашаубайұлы баяндама жасап, өңірде атқарылған профилактикалық жұмыстарға, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.
❗Жиын барысында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және салааралық өзара байланысты арттыру мәселелері талқыланды.