Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері М.Кенжегулов пен А.Срайыл Арыс қалалық әкімдігінің адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Абай атындағы мектеп-интернаты» мен «»Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің» , » Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушыларына «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары» тақырыбында семинар жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында аталған тақырып бойынша баяндамалар тыңдалып, қатысушыларға ақпараттық – танымдық парақшалар таратылды. Сонымен қатар стигма, дискриминация жайлы да түсінік беріліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. #житсорталығытуркестанТүркістан