Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан «Сырдария» сауда орталығының қызметкерлері және сауда жасаушылар арасында «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс — шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар беріліп, жиналған қызметкерлерге және сауда жасаушыларға ақпараттық танымдық парақшалар таратылды. Сауда орталығы қызметкерлері және сауда…