Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Халықты АИТВ инфекциясына тестілеу

2. Нарколог дәрігерлерде есепке алынған ИЕТ – терді АИТВ инфекциясына тексеру.

3. ЖЖБИ анықталған науқастарды АИТВ инфекциясына тексеру.

4. Клиникалық көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясына тексеру.

5. Жүкті әйелдерді АИТВ инфекциясына тексеру.

6. АИТВ инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерді және олардан туылған балаларды бақылау, баланың уақтылы 1- ші ПЦР анализін ЖИТС орталығына жеткізу.

7. Босану бөлімдерінде жедел тест оң нітиже көрсеткен ьосанушы әйелдерге және олардан туылған балаларға дер кезінде алдын алу шараларын жүргізу.

8. Науқастардың АРТ емін уақтылы қабылдап, вирусологиялық тиімділікті арттыру мақсатында аудандық жауапты мамандардың ЖИТС орталығы мамандарымен тығыз байланыста болуын қадағалау.

9. АИТВ – ға зерттеу кезінде экспресс тесттің ІV буынын қолдану.

10. Капилярлы құрғақ қан тамшысы (КҚҚТ) әдісін қолдану.

Осы аталған он бағыт бойынша келген медицина мамандарына мағлұматтар беріліп, сұрақтарына жауап берілді. Қоғамда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды негізге алған орталық басшысы Бақытжан Заманханұлы алдағы уақытта барлық медицина мекемелерін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

#житсорталығытуркестанТүркістан