День: 29.01.2023

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары Арыс қаласында орналасқан «Арыс аудандық орталық ауруханасы» медицина қызметкерлеріне «Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» басшысының 12.01.2023 жылғы №17-н/қ санды бұйрығын басшылыққа ала отырып, Түркістан облысында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және медицина қызметкерлерінің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру әдістемелік көмек беру мақсатында семинар болып өтті. Семинар барысында медицина қызметкерлерінің жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алатын бұйрықтары түсіндірілді.

#житсорталығытуркестанТүркістан

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстар орталығы» қызметкерлеріне «АИТВ- инфекциясының алдын алуодан сақтану шаралары» тақырыбында семинар жұмыстары жүргізілді.

АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпарат берілген бұл шарада жиналған мекеме қызметкерлеріне өз мәртебелерін анықтау мақсатында жедел тест түргізілді. Сонымен қатар ақпараттық танымдық парақшалар таратылып,…

Сауран аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары » тақырыбында семинар жұмысын жүргізді.

Іс — шара барысында оқушылар мен мұғалімдерге АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы жадынамалық парақшалар таратылып, ақпараттар берілді. Стигма, дискриминация жайлы кеңінен сөз қозғалып, бұл тақырыпта алдағы…

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» қызметкерлері Түркістан қаласында орналасқан «Сырдария» сауда орталығының қызметкерлері және сауда жасаушылар арасында «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс — шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар беріліп, жиналған қызметкерлерге және сауда жасаушыларға ақпараттық танымдық парақшалар таратылды. Сауда орталығы қызметкерлері және сауда…