День: 05.02.2023

Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы Жетісай бөлімшесінің психолог маманы Ш.О.Дукенова Мақтарал ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Х.Әлімжан»,«Н.Бекежанов»,«Қ.Аманжолов»,«С.Датұлы», «А.Фердауси», «Жаңа жол» жалпы орта мектептеріне онлайн семинар жұмыстарын жүргізді. Шара барысында «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» тақырыбында баяндама жасап, аталған инфекцияның пайда болуы мен оның алдын алу жолдары жайлы мағлұматтар берді.

Сонымен қатар тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толығымен жауап берілді.

Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы Жетісай бөлімшесінің мамандары И.Т.Жаксылыков, Ш.И.Ермекова, Д.Шотаева Мақтарал ауданы, «Атакент» ауруханасы және оған қарасты емхана мен перзентхана бөлімі қызметкерлеріне әдістемелік семинар жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы» басшысының 12.01.2023 жылғы №17-н/қ санды бұйрығын басшылыққа ала отырып,өткізілген семинар барысында «Түркістан облысында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының…