Базар қызметкерлері мен сауда жасаушылар арасында «АИТВ- инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары » тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс — шара барысында АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар беріліп, базар қызметкерлері мен сауда жасаушыларға, тұрғындарға ақпараттық танымдық парақшалар таратылды.

Мекеме қызметкерлері мен сауда жасаушылар, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Сонымен қатар қазіргі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары туралы, Стигма, дискриминация жайлы түсіндірілді.

АИТВ-инфекциясын ерте сатысында анықтау мақсатында базар қызметкерлерінен және сауда жасаушылардан ерікті түрде экспресс тесттер алынды.

#житсорталығытуркестанТүркістан

От admin