Кеңес мәжілісіне Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары мен тиісті бөлім басшылары және облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының басшы орынбасары Д.Рыскелдиев және эпидемиолог мамандары қатысты.

📌Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру
2. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу
3. Репродуктивті жастағы (15-49 жас аралығы) халық арасында АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу
4. 2022 жылдың жылдық қортытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау

📌Аталған мәселелер бойынша Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күреус орталығының эпидемиолог маманы А.Қалмахан баяндама жасап, кеңеске қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды. Нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар енгізліп, алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асыруға келісілді.

📌• Халық көп шоғырланған мекемелер мен жайларда түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
• Баннер, теледидар, газет-журналдар, радиолар, әлеуметтік желілерде үгіт насихат жүргізу;
• ЖИТС орталығы ұйымдастырған акциялық іс-шараларға жастардың, мектеп оқушыларының белсенді қатысуы;
• Мектептерде, арнаулы орта білім беру мекемелері мен жоғары білім беру мекемелерінде түсіндірме жұмыстарын күшейту;
• Кіші, орта және үлкен бизнес құрылымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
• Қоғамдық көліктер, қала, аудан аралық көліктерде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
• Медициналық ұйымдарда әдістемелік көмек көрсету мен семинар жүргізілу барысында қызметкерлердің толық қанды қатысуын қатаң түрде қадағалау;
• Секс қызметкерлері мен инемен есірткі тұтынушылар арасында профилактикалық шаралар жүргізілуіне ықпал жасау және кедергі келтірмеу;

От admin