Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде дүниежүзі бойынша ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні аталып өтіледі.
ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 1983 жылы алғаш рет Сан-Францискода өткізілген. Қазіргі таңда бұл күнді атап өту жер шарында дәстүрге айналып отыр. Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты — АИТВ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген адамдарға бұл жағдайдың әрқайсысының басынан өтуі мүмкін екендігіне ойлануға, сонымен қатар осы аурудың қармағында кеткен адамдарды еске алуға, АИТВ/ЖИТС ауруымен өмір сүріп жатқан достарымыз бен жақын адамдарымызға қолдау көрсетуге, азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағылардың назарын АИТВ/ЖИТС эпидемиясына баса назар аударуына, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталған.

От admin