🔔Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы мен бірлескен жоспар негізінде Мақтаарал аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі болып өтті.
💫Аталған кеңеске аудан әкімінің орынбасары – А.Қ.Ешанкулова, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыру – әдістемелік және эпидемиологялық мәселелер жөніндегі басшы орынбасары- Д.Рыскелдиев, әдістемелік- ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі — Ж.Орынбаев, эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі- А.Қалмахан, профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі- Е.Амирбеков,аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, санитарлық – эпидемиологиялық басқарма басшысы,адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, Жетісай қаласындағы бөлімшесінің жауапты эпидемиолог дәрігері – А.Сагимбекова, «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері, «Атакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері, ішкі істер басқармасының басшы орынбасары,дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар орталығы.
ауданның ауылдық әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
♻️Күн тәртібінде төменде көрсетілген 4 мәселе қаралды
1. Мақтаарал ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.
2. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу.
3. Репродуктивті жастағы ( 15-49 жас аралығы ) халық арасында АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
4. 2023 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау.
✅Аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары баяндама жасап, қатысшулыар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар көтерілген мәселер бойынша пікірлер ортаға салынып, тиісті шешім шығарылды.

От admin