Контактіге дейінгі профилактика туралы жиі қойылатын сұрақтар

КДП дегеніміз не?

КДП (контактіге дейінгі профилактика) – АИТВ-дан қорғау мақсатында АИТВ-ны жұқтыру (қорғалмаған жыныстық қатынас немесе есірткіні пайдалану) қаупіне байланысты жағдай туындағанға дейін дәрі қабылдау.

КДП жүргізу кімдерге ұсынылды?

КДП АИТВ-инфекциясының елеулі қаупі бар барлық адамдарға (ерлер де, әйелдер де) арналған, соның ішінде:

  • АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жыныстық серіктестері (әсіресе, егер АИТВ жұқтырған серіктес АРТ-ны қабылдамаса немесе вирустық жүктемесі жоғары болса);
  • презервативтерді үнемі және дұрыс қолдана алмайтын адамдар жыныстық қатынастың травматикалық түрлерімен айналысады немесе алкогольдік, не есірткілік мас күйінде жыныстық қатынасқа түседі;
  • жыныстық жолмен берілетін бірнеше инфекциясы бар адамдар;
  • есірткіні қолданған кезде басқа адамдардың инелерін, шприцтерін немесе басқа құрылғыларды қолданатын адамдар.

КДП – жаңа дәрі ме?

Жоқ, КДП жаңа дәрі емес. КДП — бұл АИТВ-ның алдын алудың қосымша әдісі, екі антиретровирустық препараттың (тенофовир/ эмтрицитабин) комбинациясын бір таблеткамен қабылдау. Бұл дәрілер АИТВ-инфекциясы бар адамдарды емдеу үшін көптеген жылдар бойы басқа антиретровирустық препараттармен бірге қолданылады.

КДП қалай жүргізіледі?

КДП бастау үшін сіз дәрігердің кеңесінен өтуіңіз керек, ол КДП-нің ең оңтайлы схемасын таңдауға көмектеседі. КДП үшін дәрі қабылдаудың екі схемасы бар:

1) күн сайын 1 таблеткадан (КДП күнделікті қабылдау). Бұл схема АИТВ-жұқпасының елеулі және ұзақ мерзімді қаупіне ұшыраған барлық әйелдер мен ерлер үшін жарамды.

 

2) болжамды жыныстық қатынасқа дейін 2-24 сағат бұрын 2 таблетка. Алғашқы екі таблетканы қабылдағаннан кейін 24 сағаттан кейін бір таблетканы қабылдау және бірінші қабылдағаннан кейін 48 сағаттан кейін тағы бір таблетканы қабылдау (КДП ситуациялық қабылдауы) КДП-ны тамақтануға қарамастан күннің кез келген уақытында қабылдауға болады.

КДП қанша уақытқа созылады?

КДП АИТВ-жұқпасының елеулі қаупі бар адамдар үшін қосымша қорғаныс ретінде ұсынылады. КДП үшін дәрі-дәрмектерді сіз АИТВ-ны жұқтыру қаупі жоғары болған кезде ғана қабылдауыңыз керек.

КДП-ны қашан тоқтатуға болады?

Егер өміріңізде өзгеріс болса және АИТВ-инфекциясының айтарлықтай қаупіне ұшырамасаңыз, КДП қабылдауды тоқтатуға болады. Алайда, АИТВ берілуінің алдын алу үшін соңғы жыныстық қатынастан кейін немесе есірткіні қолданғаннан кейін АИТВ жұқтыру қаупіне ұшыраған жағдайда тағы 7 күн ішінде КДП таблеткаларын қабылдау керек. КДП-ны тоқтату үшін ЖИТС орталығында дәрігермен кеңесу қажет.

КДП арналған дәрі-дәрмектер ақылы ма?

Жоқ, Қазақстан азаматтары үшін КДП жүргізуге арналған дәрідәрмектер ЖИТС орталығында тегін беріледі. КДП алу үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу керек.

КДП кезінде дәрігерге қаншалықты жиі бару керек? 

КДП басталғаннан кейін бір айдан кейін сіз АИТВ-ға тест тапсыру, бүйректің жұмысын тексеру және қосымша таблетка алу үшін дәрігерге баруыңыз керек. Осыдан кейін сіз дәрігерге барып, әр 3 ай сайын АИТВ-ға тест тапсыруыңыз керек.

КДП қаншалықты тиімді?

КДП 100% қорғамайды, бірақ ол жоғары тиімділікке ие, АИТВдан қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. КДП тиімділігі таблеткалардың дұрыс қабылдануына тікелей байланысты. КДП тұрақты және дұрыс қабылдаған кезде жыныстық қатынас кезінде АИТВ жұқтыру қаупі 90%-дан астамға төмендеуі мүмкін. Күнделікті қабылдау кезінде бір таблетканы күн сайын өткізіп алмастан ішу керек екенін есте ұстаған жөн, ал қорғаныс таблеткаларды күнделікті қабылдау басталған соң 7 күннен кейін әрекет ете бастайды.

КДП таблеткаларын қабылдауды ұмытып кеткен жағдайда не істеу керек?

КДП дұрыс қабылданған жағдайда ғана тиімді. Егер сіз таблетка қабылдауды ұмытып кеткен болсаңыз, оны есіңізге түсе салысымен қабылдаңыз. Мысалы, әдетте сіз КДП-ны таңертең қабылдайсыз делік, бірақ ұйықтар алдында таңертең таблетка ішуді ұмытып кеткеніңіз есіңізге түсті, онда ол таблетканы түнде ішіп, ал таңертең кестеге сәйкес келесі таблетканы ішуіңіз керек. Егер сіз 2 және одан да көп күн үзілістен кейін КДП-ға арналған таблеткаларды қабылдауды қайта бастаған болсаңыз, қорғаныс таблеткаларды күнделікті қабылдау басталған соң 7 күннен кейін әрекет ететінін ұмытпаңыз. Осы кезеңде қауіпті байланыстардан аулақ болуға тырысыңыз немесе АИТВ-ның алдын-алудың қосымша шараларын қолданыңыз (презервативтер, таза инелер мен шприцтер).

КДП АИТВ-ға қарсы вакцина болып табыла ма?

Жоқ. КДП АИТВ-ға қарсы вакцина емес. КДП — бұл АИТВ-ның алдын-алу таблеткаларын қабылдау, ол тек тұрақты және дұрыс қолданылған кезде және сіз осы таблеткаларды қабылдаған кезде ғана әрекет етеді.

КДП қабылдаған кезде жанама әсерлер болуы мүмкін бе?

Ия, бірақ сирек. Адамдардың 10%-дан азында жүрек айну, құсу немесе іштің ауыруы сияқты жанама әсерлер пайда болуы мүмкін, бірақ олар әдетте КДП басталғаннан кейінгі алғашқы апталарда тоқтайды.

КДП бауырға теріс әсер етуі мүмкін бе?

 Жоқ. Бірқатар зерттеулер КДП жүргізу бауырға теріс әсер етпейтінін көрсетті. Алайда, КДП-де қолданылатын дәрі В гепатитін (бауыр ауруы) емдеуде де қолданылады, сондықтан КДП бастағанға дейін бауырыңыздың сау екеніне көз жеткізу үшін В гепатитіне тексерілу керек.

КДП бүйрекке теріс әсер етуі мүмкін бе?

Кейбір клиенттер үшін КДП бүйрек проблемаларын тудыруы мүмкін, олар бірден көрінбеуі мүмкін. КДП қабылдайтындардың барлығына арнайы креатининге тест тапсыру арқылы бүйрек қызметін үнемі тексеріп отыру керек.

КДП эрекцияның бұзылуына, «ер күшінің жоғалуына», стерильділікке немесе бедеулікке әкелуі мүмкін бе?

Жоқ. Әлемде жүргізілген зерттеулер КДП эрекцияның бұзылуына немесе бедеулікке әкелмейтінін көрсетті.

Жүктілік немесе емізу кезінде КДП-ны қабылдауға бола ма?

Иә. Жүктілік және емізу кезінде КДП қабылдау қауіпсіз.

Алкогольді немесе есірткіні қолданған кезде КДП қабылдауға бола ма? 

Иә. Егер сіз алкоголь және/немесе жеңіл есірткі қолдансаңыз, КДПның әсері болады. Алкоголь мен есірткіні қолдану нәтижесінде сіз КДП қабылдауды ұмытып кетуіңіз мүмкін екенін естен шығармаған жөн.

 

 

 

АИТВ мәртебесі — оң болған жағдайда, КДП қабылдауға бола ма?

Жоқ. КДП тек АИТВ мәртебесі — теріс адамдарға жүргізіледі. АИТВинфекциясы бар адамдар емделу үшін АИТВ-ға қарсы бірнеше препараттардың комбинациясын қабылдауы қажет. КДП қабылдау кезінде АИТВ-ға тесттен жүйелі түрде өту маңызды, және АИТВжұқпасы пайда болған кезде бірден антиретровирустық ем қабылдауды бастау қажет.

АИТВ мәртебесі — оң адаммен жыныстық қатынастан кейін КДП қабылдау арқылы АИТВ-инфекциясының алдын алуға бола ма?

Жоқ. КДП таблеткаларын қабылдауды АИТВ жұқтырған серіктеспен жыныстық қатынасқа түскенге дейін бастаған жағдайда ғана әсері болады. Егер сіз АИТВ-мен өмір сүретін адаммен қорғалмаған жыныстық қатынасқа түссеңіз, ККП тағайындау қажеттілігін талқылау үшін дереу ЖИТС орталығына хабарласыңыз (контактіден кейінгі профилактика).

КДП және ККП арасындағы айырмашылық неде (контактіден кейінгі профилактика)?

  • КДП және ККП — АИТВ жұқпасы жоқ адамдардың АИТВ жұқтырудың алдын алу мақсатында АИТВ инфекциясына қарсы арнайы дәрілерді қабылдауы.
  • КДП АИТВ жұқтырған адаммен жыныстық қатынасқа түскенге дейін,ал ККП жыныстық қатынасқа түскеннен кейін қабылданады.
  • КДП АИТВ-ны жұқтырудың елеулі қаупі бар барлық кезеңде қабылданады.
  • ККП АИТВ-ны жұқтырған адаммен жыныстық қатынастан кейін 72сағатішінде қабылданады.
  • КДП және ККП дәрігер кеңес бергеннен кейін ғана тағайындалады. КДП жүргізу кезінде презервативтерді пайдалануды тоқтатуға бола ма?

Презервативтерден айырмашылығы, КДП тек АИТВ-дан қорғайды, бірақ жыныстық жолмен берілетін басқа инфекциялардан (ЖЖБИ) немесе жүктіліктен қорғамайды. КДП қабылдаған кезде презервативті пайдалану туралы өзіңіз шешім қабылдауыңыз керек.

КДП және гормоналды бала көтертпейтін дәрілерді бір уақытта қолдануға бола ма (мысалы, пероралды, инъекциялық, имплантаттар)?

 Иә. Жүктіліктің алдын алу үшін КДП және гормоналды бала көтертпейтін дәрілерді бір уақытта қолдану қауіпсіз. КДП қабылдау бала көтертпейтін дәрілердің тиімділігін төмендетпейді.

КДП арналған дәрілерді басқа адамдарға беруге бола ма?

Жоқ. КДП тағайындау дәрігердің міндетті тексеруін қажет етеді. Егер сізге жақын адамыңыз АИТВ жұқтыру қаупі бар деп ойласаңыз, оған КДП жүргізу мәселесін дәрігермен талқылауға көмектесіңіз. КДП таблеткаларын басқа адамға беру қауіпті.

АИТВ жұқтыру қаупін азайту үшін тағы не істеуге болады? 

АИТВ алдын-алудың басқа әдістерімен бірге КДП қолданыңыз, соның ішінде:

  • Әр жыныстық қатынас кезінде презервативтерді дұрыс пайдалану
  • АИТВ-ға тұрақты тестілеу
  • Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды уақтылы диагностикалау және емдеу
  • Инъекциялық есірткіні қолданудан бас тарту немесе таза инелерді, шприцтерді және инъекцияға арналған басқа жабдықты пайдалану.

 

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН

  • КДП— бұл АИТВ жұқтырудың алдын алу үшін таблетка қабылдау;
  • КДП дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдаған кезде ғана тиімді;
  • КДП басқа инфекциялардан немесе жүктіліктен қорғамайды;
  • КДП қауіпсіз. Шамалы жанама әсерлер болуы мүмкін, бірақ олар бірнеше аптадан кейін кетеді;
  • КДПАИТВ-инфекциясының айтарлықтай қаупіне ұшырағаныңызды сезінген кезде ғана жүргізіледі;
  • КДПАИТВ-ға тұрақты тестілеуді қарастырады.

 

КДП туралы сұрақтарыңыз қалды ма?

Келіңіз және көбірек біліңіз!

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, А. Талқанбаев көшесі, 91А-үй, №6 кабинет. Жұмыс уақыты: сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс.

«Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы»

сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін.

түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін жұмыс атқарады.

☎ Барлық анықтамалар көрсетілген ұялы байланыс арқылы мілңметтер алуға болады

ЖИТС ортлаығының телефон номері: + 7 72533 4 – 15 – 18.

Науқастарды қолдау қызметінің сенім телефоны: + 7 72533 5 – 79 – 99

Сенім бекетінің тел: +7 705 103 43 79

��� Өз денсаулығыңызды сақтаңыз!

 

 

От admin