Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының Жетісай аудандық бөлімшесі мамандарының ұйымдастыруымен және Жетісай аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып «Жетісай жоғары медицина колледжінде» кең көлемде акция өткізілді. «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану жолдары» атты тақырыппен өткізілген бұл акцияда эпидемиолог дәрігер И.Т.Жаксылыков пен СӨСҚО маманы К.Е.Джантуреева баяндама жасап, аталған тақырып бойынша ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар акция қатысушыларға жадынамалық парақшалар таратылып, өз мәртебелерін анықтауына да жағдай жасалды.

От admin