Қызылша қандай ауру?
Қызылша – аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Қоздырғышы: фильтрленуші вирус. Бұл вирус қоршаған ортада төзімсіз, бірақ өте ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды.
Эпидемиология:
• Ауру көзі-ауру адам, қызылша әсіресе бастапқы және бөртіп шыққан алғашқы күндерінде мейлінше жұққыш болып келеді. Бөртіп шыққаннан 4 күн өткен соң науқас қауыпты емес.
• Таралу жолы –ауа –сілекей жолы. Қызылшамен ауырған кезде пайда болатын жөтел мен түшкіру инфекцияның таралуына себеп болады. Қызылшамен ауырған адаммен бір бөлмеде және қасындағы бөлмелерде болу балаларға жұғу қаупін төндіреді.
• Сезімталдық балалар жас шамасына қарамастан қызылшамен ауырғыш келеді, әсіресе 1-8 жас аралығындағы балалар.
• Маусымдылық – қыс, көктем айлары.
• Иммунитет –тұрақты.

Қызылшаның 4 кезеңі бар
• Инкубациялық кезең
• Катаральды кезең
• Бөртпе шығу кезеңі
• Пигментация кезең

Қызылшаның клиникалық белгілері:
Инкубациялық кезең: 7-18 күнге созылады, ал егілген балада 21 күнге дейін болады.
Катаральды бастапқы кезең: 3-5 күнге созылады. Баланың дене қызуы 38-39С-ға дейін көтеріледі, катаральдық белгілер пайда болады: мұрнынан су ағады, жөтел, түшкіру, коньюктивит, көз қарығу болады.
Бөртпе шығу кезеңі: Аурудың дене қызуы 39-40С дейін көтеріліп, көңіл күйі бұзылып, бас ауырғаны ұлғайып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, ен жар күйде болады. Аурудың денесіне кезеңмен бөртпе шығады.
Пигментация кезең: бөртпе шыққандағы кезекпен жоғалады да орнында қоңыр дақ қалады. Аурудың клиникалық көріністерінін жойылуы баланың толық айығып кеткендігін білдірмейді, оның организмі әр алуан микробтарға қарсы тұра алмайды.
Қызылшаның алдын алу жолдары:
 Баланы оңашалау, ауырған балалар көбіне үйінде емделеді. Ауруханада қызылшаның тек қана ауыр түрі және ауруды оңашалауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана жатқызылады.
 Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті-қолын уақытылы жуу, көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.
 Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек.
 Витаминдер комплексі
 Симптоматикалық ем

Қызылшаның алдын алу жолдары:
 Спецификалық алдын алу жолы:
 — қызылшаға қарсы тірі вакцина 12 айда балаларға екпе салынады. Қызылшамен ауырмаған балаға 6-7 жасында ревакцинация жасалынады.
 Спецификалық емес алдын алу жолы:
 — қызылшамен ауырған баланы оқшаулау

Алдын алу:
Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстау керек. Қызылшамен ауырып жатқан баласы бар үйге басқа үйдің балаларының келуіне болмайды. Қызылша ауруы бар үйдің басқа балалары бұл аурумен ауырмаған жағдайда мектепке, дүкенге немесе басқа да қоғамдық орындарға 10 күнге дейін баруына болмайды. 12 айдан 14 айға дейінгі бала қызылшаға қарсы егілу керек.
Вакцинаны қалай сақтайды?
 Вакцинаны тоңазытқыштың жоғарғы сөресінде +2 ден +8 0с сақтайды.
 Вакцинаны тоңазытқыштың есігінің сөресінде немесе тоңазытқыштың төменгі сөресінде сақтауға болмайды.
 Тоңазытқыштың мұздатқыш камера мұз бумаларын (хладоэлементы) мұздату үшін пайдаланылады
 Вакцина тұрған тоңазытқыштың температурасын таңертең және кешке жақын арнайы журналға тіркеліп тұрады
 Жұмыс кезінде ашылған молайтылған вакцина флаконы термосумкада сақталады
 Ауа айналымы үшін вакцина жәшіктері арасында алшақтық қалдыру қажет

Вакцинаны қалай сақтайды?
 Вакцина басталғанға дейін егу бөлмесіне вакциналарды 1-2 күн бұрын жеткізіледі
 Вакцина тасымалдау және сақтау кезінде дұрыс температураны ұстау оның тиімділігінің кепілі болып табылады
 Әрбір термоконтейнерге 2 мұз бумалары (хладоэлемент) жиынтығы болуы керек. Бірінші жиынтығы пайдаланған кезінде, екінші жиынтығы мұздатылған күйінде мұздатқышта сақталады.
Өте маңызды!!!
 Егу бөлмесінде қатаң түрде тек медицина қызметкері және екпе алатын бір ғана тұлға болу қажет
 Екпе алатын адамның көзінше бірреттік шприцті ашылуы қажет (вакциналарды алдын ала дайындалуына қатаң түрде тиым салынады!)
Қызылшаның 3 түрі бар:
 Жеңіл
 Орташа
 Ауыр түрі
Қызылшаның асқыну түрлері:
 Пневмония
 Ларингит
 Бронхит
 Энцефалит

Ауру ошағында эпидемиологияға қарсы жүргізілетін шаралар:
Ауырған баланы 5 күнге оңашалау
Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күн карантин тағайындалады: күнделікті бақылау, балаларды басқа топқа аударуға, бұл топқа жаңа бала қабылдауға болмайды. Есіктердің саңылауларын екі жағынан қос қабаттап желімдеу.

От admin