АИТВ инфекциясының жастар арасында алдын алу мақсатында Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі мен Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында семинар болып өтті.

📌 Іс — шараға ЖИТС орталығының мамандары М.Кенжегулов және Х. Сыздыкова АИТВ инфекциясы және ЖИТС жайлы, оның берілу жолдары, алдын алу шаралары туралы баяндады.

📌 Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жайлы түсіндірді, АИТВ инфекциясы және ЖИТС-ке байланысты стигма және дискриминацияны болдырмау туралы толыққанды ақпарат берді. Іс- шара барысында ақпараттық оқу құралдары таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
#житсорталығытуркестанТүркістан

От admin