,»Көшбасшылық -қоғамдастықтарға» науқаны аясында ЖИТС орталығында облыс және қала тұрғындарына арналған ашық есік күні өтті.

Аталған шараға ерікті белсенді жастар мен тұрғындар қатысты. Шара барысында АИТВ инфекциясы жайлы ақпараттар беріліп, орталық дәрігер мамандары тарапынан медициналық кеңестер берілді.

Сонымен қатар жастардың 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай дайындаған флешмоб биі шараның ажарын аша түсті.