Түркістан облысы медицина мекемелерінің 2023 жылдың есептік кезеңін талдау бойынша семинар өткізілді. Шараның мақсаты -АИТВ инфекциясы бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстарды талқылау және кемшіліктерді жою.
Семинарға мекеменің ана мен баланы қорғау жөніндегі басшы орынбасарлары, жастар денсаулық орталықтарына жауапты мамандары, АИТВ инфекциясының жауапты дәрігерлері қатысты.
Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды.
1. 2023 жылдың қорытындысына сәйкес АИТВ инфекциясының таралуы бойынша есептік кезеңді талдау.
2. Халықты АИТВ инфекциясына бар жоғына тестілеу.
3. Нарколог дәрігерлерде есепке алынған ИЕТ – терді АИТВ инфекциясына тексеру.
4. ЖЖБИ анықталған науқастарды АИТВ инфекциясына тексеру.
5. Клиникалық көрсетілімдер бойынша АИТВ инфекциясына бар жоғына белсенді зерттеу жүргізу.
6. Жастар денсаулық орталықтарына жылына 1 рет жүгінген кезде 16-дан 29 жасқа дейінгі жастарға АИТВ-ға антиденелерді анықтайтын экспресс тестпен АИТВ инфекциясының болуына эпидемиологиялық көрсетілімдер және ЖДП (жанасуға дейінгі профилактика) – АИТВ-дан қорғау мақсатында АИТВ-ны жұқтыру (қорғалмаған жыныстық қатынас немесе есірткіні пайдалану) қаупіне байланысты жұмыстарды түсіндіру.
7. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды клиникалық көрсеткішіне баса назар аударып алғашқы кезеңде анықтау жүргізу.
8. Жүкті әйелдерді АИТВ инфекциясына тестілеу.
9. АИТВ инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерді және олардан туылған балаларды бақылау, баланың уақытылы 1-ші ПЦР анализін ЖИТС орталығына жеткізу.
10. Босану бөлімдерінде жедел тест оң нәтиже көрсеткен босанушы әйелдерге және олардан туылған балаларға дер кезінде алдын алу шараларын жүргізу.
11. Науқастардың АРТ емін уақытылы қабылдап, вирусологиялық тиімділікті арттыру мақсатында аудандық жауапты мамандардың ЖИТС орталығы мамандарымен тығыз байланысты болуын қадағалау.
12. Стигма мен кемсітушілік мәселелері бойынша түсіндіру.
13. АИТВ-ға зерттеу кезінде экспресс тесттің IV буынын қолдану.
14. Капилярлы құрғақ қан тамшысы (КҚҚТ) әдісін қолдану.