⚡ Түркістан облысы Бәйдібек ауданы ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығымен облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары бірлесе отырып ЖИТС тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай іс-шаралар өткізді.
❗Атап айтқанда аудан көлемінде мектептен кейінгі білім беру мекемелерінде болып, АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасап, жастардың ол инфекция жайлы ақпаратты білуге қызығушылығын арттырды.
⚡Өз кезегінде орталық педагогы М.Кенжегулов түсіндірме жұмыстарында түрлі әдістерді қолдана отырып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сауытты жауап берді.