Өткен жылы 15-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың арасында жүктілік және босану жағдайларының саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,9-ға қарсы 3,5) және 8,2%-ға (1000 тұрғынға шаққанда 3,14-ке қарсы 2,88) төмендеді. Сондай-ақ, ерте жыныстық қатынасқа түскен қыздардың арасында аборттардың саны 13,4%-ға азайды.
Бүгінгі фертилдік жастағы балалар мен жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығының жағдайды кейінгі 10-15 жыл ішіндегі демографиялық процестерге тікелей әсер етеді, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазіргі жағдайда жасөспірім қыздардың репродуктивтік денсаулығының жағдайы жыныстық өмірдің ерте басталуына байланысты, жасөспірімдердің арасындағы жыныстық дебют 16,5 жасты құрайды.
БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) зерттеуіне сәйкес контрацепцияның қазіргі заманғы құралдарын жалпы ел бойынша да, өңірлер бойынша да пайдаланатын жасөспірімдердің үлесі ең жоғары мәндерімен 20%-дан аспайды.
