Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының ұйымдастыруымен Бәйдібек аудандық әкімдігінде үйлестіру кеңесі өтті. Кеңеске Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жангазиевтің төрағалық етті.



1. Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.
2. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу.
3. Репродуктивті жастағы (15–49 жас аралығы) халық арасында АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
4. 2024 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау.
5. Жүкті әйелдердің серіктестерін тексеру бойынша АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
6. АИТВ инфекциясының кеш анықталуы бойынша.


