Сауран ауданында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары АИТВ және ЖИТС-тың алдын-алу шаралары бойынша «Жастар денсаулығы және АИТВ инфекциясын алдын-алу» тақырыбында үйлестіру кеңесін өткізді.
Кеңесте төмендегідей мәселелер қаралды:
✅1. Түркістан облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.
2. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу.
3. Репродуктивті жастағы (15–49 жас аралығы) халық арасында АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
4. 2024 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау.
5. Жүкті әйелдердің серіктестерін тексеру бойынша АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
6. АИТВ инфекциясының кеш анықталуы бойынша.
Аталған мәселелер бойынша баяндама тыңдалып қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.