Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы атындағы N12 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында семинар жұмыстары жүргізілді. Шарада жасөспірімдер арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру және АИТВ инфекциясы бойынша ақпарат берілді.
📌Шараның мақсаты -адамның иммундық тапшылығы вирусы мен Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу. Сонымен қатар стигма дискриминация жайлы кеңінен ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды.