Кентау қаласы білім бөліміне қарасты Баялдыр ауылы С.Қожанов атындағы N9 А. Наваи және N17 жалпы білім беретін мектептерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шара АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы мәліметтер бойынша жүргізілді.
📌Шараны жүргізген облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының педагог
маманы Марат Кенжегулов пен эпидемиолог дәрігері Азиза Эртаева қатысушыларға АИТВ инфекциясы жайлы толыққанды ақпарат беріп, жадынамалық парақшалар таратты.