Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы мамандарының ұйымдастыруымен адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Казыгурт ауданындағы №11 коледжінде «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» науқаны аясында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» жүргізілді.
Бұл іс – шарада АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы пікір алмасу жүргізіп, бұл науқан аясында өткізіліп жатқандығы айтылды. «Әрбірін түсіну» ұранын ұстанған челлендж халық арасында кеңінен таралып бір – біріне ұласып жатқандығы белгілі болды. Жиын соңында студенттерге ақпараттық танымдық парақшалар таратылып, жадынамалық кітапшалар берілді.