Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы Жетісай бөлімшесінің мамандарының ұйымдастыруымен Шардара аудандық орталық ауруханасының емханасында «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» науқаны аясында «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында емханаға келушілерге АИТВ нің алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы айтыла келіп, өз мәртебелерін білуге жағдай жасалды. Жадынамалық түсіндірме парақшалар мен кітапшалар таратылып, бұл өткізіліп жатқан іс шаралардың алдағы уақытта да өз жалғасын тауып отыратындығы жайлы сөз болды.