ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАДА — АШЫҚ ЕСІК КҮНІ.
Бүгін Түркістан облысы, Облыстық ЖИТС – тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық емханасында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Ашық есік күні» болып өтті. «ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ БІЛ!» атты бастамамен өткізілген науқанға орталықтың тәжірибелі дәрігер эпедемиологтары мен терапевт, психолог, инфекционнист мамандары қатысты.
Бұл бастама жастарды салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндеп, АИТВ инфекциясының алдын алу және одан қорғану тақырыбына түсіндірме жұмыстарымен таныстыра отырып, ЖИТС орталығының қызметкерлері тарапынан АИТВ жұқпасына жедел тест алу, ол адамдарға тестке дейінгі және тесттен кейінгі жүргізілетін кеңестер беру секілді іс – шараларға ұласты.
 

От admin