Сауран ауданына қарасты Қ.Рысбеков атындағы N5 мектеп-интернаты мен Ж.Ташенов атындағы жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушыларына семинар жұмыстары жүргізілді.
♻️Шараға қатысушылар АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат алып, өздеріне көкейлерінде жүрген сауалдарға да жауап ала білді. Өз кезегінде мамандар адамдарға заман талабына сай дамыған медицина құрылғылары арқылы өз мәртебесін анықтауына мүмкіндік берілетіндігін де айтып өтті.