Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары халық арасындағы профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізуде. «TOO GRAND MIKS» жиһаз шеберханасы мен «Әлем Транс Жол» қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
❗Шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.