Түркістан көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің жастарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Саулық жастар денсаулық орталығымен бірлесіп өткізілген бұл шарада АИТВ орталығының мамандары аталған инфекция жайлы толыққанды ақпарат берді.
Өз кезегінде мамандар инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары тақырыбында баяндама жасап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында жадынамалық парақшалар таратылды.