Түркістан облысы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Түлкібас агро колледжі мен Майлыкент жалпы білім беру мекемесінде семинар жұмыстарын жүргізді. Аталған шарада АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.




