Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қалада орналасқан тіс емдеу орталықтарында профилактикалық жұмыстарды жүргізуді жалғастыруда. Атап айтқанда мамандар орталық дәрігерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы ақпарат беріп, жұмыс барысында аталған инфекцияны жұқтыру қаупін де көрсетіп айтты.
✅Өз кезегінде мамандар бұл орталыққа емделуге келетін адамдарды емдеу барысында сақталуы тиіс жалпы гигиеналық тазалыққа тоқталып, оның аталған инфекцияны жұқтыру қаупіне қандай әсері бар екендігімен де бөлісті.