Бүгін Түркістан облысы, Облыстық ЖИТС тің алын алу және онымен күресу орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Кентау қаласы Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты № 24 колледж мұғалімдері мен студенттері арасында «АИТВ- инфекциясының алдын алу және АИТВ -инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау» тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн семинар болып өтті.
Онлайн семинар барысында АИТВ- ның алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар тыңдармандарға эпидемиологиялық жағдай жайлы , АИТВ-ның алдын алу жолдары туралы, Стигма, дискриминация жайлы түсінік берілді . Семинарды орталық педагогы М.Кенжегулов жүргізді.
 

От admin