Түркістан қалалық емханасына қарасты Талғат клиникасында Облыстық ЖИТС – тің алдын алу және онымен күресу орталығы мамандарының ұйымдастыруымен «ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ БІЛ!» атты «Ашық есік» күні болып өтті. «Өз мәртебеңді біл!» ұранымен өткізілген науқан барысында тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.Сонымен қатар АИТВ жұқпасына жедел тест алу, ол адамдарға тестке дейінгі және тесттен кейінгі жүргізілетін кеңестер беру секілді іс – шараларға ұласып, терапевт, инфекционнист, эпидемиолог, психолог мамандар тегін кеңестер берді. Әрқашан біздің мақсат – сіздің деніңіздің саулығы екендігін айта келіп, Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда дейміз.

От admin