12 мамыр Халықаралық мейірбикелер күнінен орай Түрікстан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының басшысы Бақытжан Заманханұлы мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, өзінің ыстық ықласын білдірді. Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын!Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген еді ол өзінің жүрекжарды тілегінде.

От admin