Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Біздің жадымызда. Біз әрекет етеміз. Біз АИТВ санынан көппіз» тақырыбында халық арасында, әсіресе жастар арасында АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру және спорттық іс-шаралары өткізілуде. Түркістан облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы және Сакен Арыстанұлы Катбаев басқаратын «DENSAULYQ» жергілікті кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен медициналық мекемелер арасында кіші футболдан жарыс болып өтті.
Сайысты Облыстық ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығының басшы орынбасары Рыскелдиев Даурен Қашаубайұлы мен ардагер дәрігер Есіркепов Рахаматулла Болғанбайұлы ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл сайысқа барлық қалалық аудандық медицина мекемелерінен 13 мекеме қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты: осы инфекцияның алдын-алып салауатты өмір салтын ұстану.
Сайыстың ақтық сынына Сарыағаш аудандық ауруханасы мен Мақтарал ауданының Атакент ауруханасы шықты. Тартысты өткен финалда Сарығаштықтардың бағы басым болды. Екінші орынды Мақтарал аудандық Атакент ауруханасы алды. Жүлделі 3 –орын Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына бұйырды.
Сонымен қатар ойында жақсы нәтиже көрсеткендер де сыйлықтарға ие болды. Олар «үздік қақпашы», «үздік шабуылшы», «үздік қорғаушы», «үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды. Жеңімпаздарға Сакен Арыстанұлы Катбаев басқаратын » DENSAULYQ» жергілікті кәіподақ ұйымынан бағалы заттай сыйлықтар табысталды.
#житсорталығытуркестанТүркістан