Түркістан облысы ЖИТС тің алдын алу және онымен күресу орталығы мен бірлескен жоспар негізінде Мақтаарал аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі болып өтті.
Аталған кеңеске аудан әкімінің орынбасары – А.Қ.Ешанкулова, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының ұйымдастыру – әдістемелік және эпидемиологялық мәселелер жөніндегі басшы орынбасары- Д.Рыскелдиев, әдістемелік- ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі — Ж.Орынбаев, эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі- А.Қалмахан, профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі- Е.Амирбеков,аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, санитарлық – эпидемиологиялық басқарма басшысы,адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, Жетісай қаласындағы бөлімшесінің жауапты эпидемиолог дәрігері – А.Сагимбекова, «Мырзакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері, «Атакент» аудандық ауруханасының бас дәрігері, ішкі істер басқармасының басшы орынбасары,дене шынықтыру және спорт бөлімі, жастар орталығы.
ауданның ауылдық әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде төменде көрсетілген 4 мәселе қаралды
1. Мақтаарал ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру.
2. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу.
3. Репродуктивті жастағы ( 15-49 жас аралығы ) халық арасында АИТВ инфекциясының жұғуының алдын алу.
4. 2023 жылдың жылдық қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайын талқылау.
Аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім басшылары баяндама жасап, қатысшулыар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар көтерілген мәселер бойынша пікірлер ортаға салынып, тиісті шешім шығарылды.