Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары М.Кенжегулов, Қ.Диханбаев, Х.Сыздыкова, А. Срайыл Арыс қаласында орналасқан АҚ Арыс-2 темір жол вокзалында Темір жол вокзал қызметкерлері мен жолаушылар арасында «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары» тақырыбында «Ашық есік күнін» өткізді.
Іс – шара барысында аталған инфекция жайлы ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалық парақшалар таратылды. Сонымен қатар өз мәртебелерін анықтауға мүмкіндік беріліп, жедел тест жұмыстары жасалынды. #житсорталығытуркестанТүркістан