Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары Н.Тиленшиев, Э.Туяков «Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» қызметкерлеріне «АИТВ инфекциясының алдын алу және одан сақтану шаралары » тақырыбында семинар өткізді.
Іс – шара аталған инфекция жайлы баяндама жасалынып, Стигма, дискриминация жайлы түсіндірілді. АИТВ-инфекциясын ерте сатысында анықтау мақсатында қызметкерлерден экспресс тесттер алынып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. #житсорталығытуркестанТүркістан